×

Путин әскерін Бахмутты алуымен құттықтап, бәрін марапаттайтынын жеткізді

Ол Донбастағы Украина Қарулы күштерінің тобын қамтамасыз етудегі маңызды көлік торабы еді

 Дәурен Ерболат 21.05.2023 | 12:15
Фото: dw.com

Ресей президенті Владимир Путин Артемовск (Бахмут) қаласын басып алған әскерлерін құттықтады, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.

Бұған дейін РФ Қорғаныс министрлігі Артемовскіге (Бахмут) толық бақылау орнатқанын мәлімдеген болатын.

Владимир Путин «Вагнер» шабуыл отрядтарын, сондай-ақ оларға қажет қолдау мен қапталды жабуға көмектескен РФ Қарулы күштері бөлімшелерінің барлық әскери қызметшісін Артемовскіні азат ету операциясының аяқталуымен құттықтады, - деп жазылған хабарламада.

Президент қаланы азат етуде «көз түскендердің бәрі мемлекеттік наградаларға ұсынылатынын» атап өтті.

Артемовск (Бахмут) – Украинаның Донецк облысында орналасқан қала. Ол Донбастағы Украина Қарулы күштерінің тобын қамтамасыз етудегі маңызды көлік торабы болып саналады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама