×

Ең кішкентайы 11 айлық. Ұшақ апатынан 16 күннен кейін төрт бала тірі табылды

1 мамырда Cessna 206 ұшағы апаттық жағдай туралы сигнал берген

 Халық үні 20.05.2023 | 16:59
Фото: API Week

Колумбия қарулы күштері Какета департаментінің ормандарында құлаған Cessna 206 ұшағының ішінде болған 4 баланы тапты, деп жазады Massaget.kz.  

«Біз Гуавиардағы ұшақ апатында жоғалып кеткен төрт баланы тірідей таптық. Бұл еліміз үшін жақсы жаңалық», - деп жазды президент Густаво Петр әлеуметтік желіде.

1 мамырда Cessna 206 ұшағы апаттық жағдай туралы сигнал берген. Осыдан кейін ол апатқа ұшырап, 370 сағат іздеуден кейін табылды. Ұшақ бортында жеті адамның үшеуі қайтыс болған.

15 мамырда әскериле1 мамырда Cessna 206 ұшағы апаттық жағдай туралы сигнал берген.р ұшақ сынықтары мен жеміс-жидек қалдықтарын, балалар тамағына арналған ыдысты және басқа заттарды тапты. Осыдан кейін көп өтпей балалар да табылған.

Semana журналының хабарлауынша, ұшақ апатынан аман қалған 13 жасар қыз орманды паналап, 11 айлық сәбиге, төрт және тоғыз жасар бауырларына қараған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама