×

Астана мен Ташкент арасындағы әуе рейсі көбейеді

Жаңа рейстер дүйсенбі және сәрсенбі күні ұшады

 Халық үні 20.05.2023 | 11:27
Фото: businesstravel.com

Қазақстан мен Өзбекстан астаналары арасындағы рейстер саны артады, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

«ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуе компанияларымен бірлесіп, халықаралық рейстердің санын көбейту және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде. 2023 жылдың 3 шілдесінен бастап FlyArystan әуе тасымалдаушысы А-320 әуе кемелерімен аптасына екі рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі) Астана-Ташкент бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейсін ашуды жоспарлап отыр», – делінген комитеттің хабарламасында. хабарлады.

Елдер арасындағы әуе рейстерінің көбеюі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді, деп атап өтті ведомство.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама