×

Димаш Құдайберген Президентпен ұшақта түскен фотосын жариялады

Тоқаев 17-19 мамыр аралығында Қытайға мемлекеттік сапармен барды

 Халық үні 19.05.2023 | 22:48
фото: әлеуметтік желіден

Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен ұшақтағы үстел басында отырған фотосы мен видеосын жариялады. 

«Көк аспанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлымен әңгімелесіп отырған сәт! Мазмұнды іссапардан естелік!», - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Еске салайық, ҚР Президенті Қ.Тоқаев 17-19 мамыр аралығында Қытайға мемлекеттік сапармен барды.

Одан кейін Орталық Азия елдері басшылары және Си Цзиньпиннің алдында Димаш Құдайберген өнер көрсетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама