×

Мәжіліс отырысына қатыспаған облыс әкімі орынбасарының қандай қонақтармен жүргені белгілі болды

Басшы онлайн отырысқа кешігіп қалған

 Дәурен Ерболат 19.05.2023 | 15:18
Коллаж: Halyq Uni

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тынәлиевтің Мәжілістегі Үкімет сағатына қатыспай, қандай қонақтармен жүргені белгілі болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі шенеуніктің маңызды отырысқа кешігіп қалғанын атап өтті.

Мәжілістегі Үкімет сағаты 15 мамырға жоспарланған болатын. Бірақ ол 17 мамырда сағат 14:00-ге ауыстырылды ( Ақтау уақыты бойынша 13:00). Сондай-ақ осы күні Ақтауда Нұрмұхан Жантөрин атындағы драма театрының 20 жылдығына орай ауқымды іс-шара өтті. Сағат 14:00-де (мерекеге орай ұйымдастырылған) республикалық ғылыми-практикалық конференция аяқталды. Сондықтан Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тынәлиев Мәжілістегі Үкіметтік сағатына кешігіп келді, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ Ұлықбек Тынәлиевтің қандай қонақтармен жүргені болды.

Республикалық ғылыми-шығармашылық конференцияға қатысу үшін 50-ден аса танымал қонақ келді. Олардың арасында еліміздің атақты әртістері, театр сыншысы Еркін Жуасбек, театр және киноның көрнекті актері, режиссер, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалды және театр директорлары да бар, - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Мәжіліс төрағасының орынбасары отырысқа қатыспаған басшыларға ескерту жасаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама