×

Қорғаныс министрі Өзбекстанға барды

Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

 Дастан Жұмабекұлы 19.05.2023 | 08:43
фото: uza.uz

Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов бастаған Қазақстан делегациясы Өзбекстанға барды. Оларды Ташкентте осы елдің Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Бахадир Қурбанов қабылдады.

Құрметті қарауылдың қатысуымен ресми қарсы алу шарасы өтіп, әскери оркестрдің орындауында екі елдің әнұраны шырқалды.

Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің Орталық аппаратында өткен екіжақты ынтымақтастық кездесуінде генерал-лейтенант Бахадир Қурбанов қазақстандық әріптесін Өзбекстанға сапарымен құттықтап, екі ел арасында тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан достық әскери қарым-қатынас дамып келе жатқанын атап өтті. 

Сондай-ақ Өзбекстан Қорғаныс министрі достық қарым-қатынастарды стратегиялық серіктестіктің жаңа деңгейіне көтеріп, одақтық байланыстар нығайып келе жатқанын айтты.

Екі елдің Қорғаныс министрлері әскери саладағы жетістіктер мен алдағы уақытта іске асыруға жоспарланған мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастыру бойынша перспективалық ұсыныстар жасады.Сонымен бірге жауынгерлік және кадрлық даярлық саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесуден кейін Қазақстанның әскери делегациясы Өзбекстан Қорғаныс министрінің қатысуымен «Жеңіс бағын» аралап, «Матонат мадхияси» (Ерлік Гимн) мемориалдық кешеніне гүл шоғын қойып, осындағы музейдің жұмысымен танысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама