×

Екібастұздың көшелерін ыстық су басып кетті (ВИДЕО)

Мердігерлік ұйым сағат 14:00-ге дейін жағдайы реттеуді жоспарлап отыр

 Дастан Жұмабекұлы 18.05.2023 | 12:53
Фото: pavlodarnews.kz

Әлеуметтік желіде Екібастұз қаласының көшелерін ыстық су басып кеткені туралы видео жарияланды.

Екібастұз қаласының әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 18 мамырда сағат 06:30-да Мәшһүр Жүсіп көшесі бойындағы №2 жылу магистралінің жөндеу жүріп жатқан учаскесіндегі диаметрі 820 мм бекіткіштен ақау анықталған. 

Тұрғындардың айтуынша, Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі магистраль қысымға шыдамай, салдарынан жылу желісіндегі су сыртқа аққан.

Қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-ның жұмысшылары жұмыс істеуде, – делінген әкімдіктің хабарламасында. 

Мердігерлік ұйым жағдайы бүгін сағат 14:00-ге дейін реттеуді жоспарлап отыр.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама