×

107 кәсіпкерге заңсыз айыппұл салған шенеуніктер жауапқа тартылды

Өңірде бизнесмендердің құқығын қорғау үшін жұмыс тобы құрылған

 Дәурен Ерболат 18.05.2023 | 10:20
Фото: Tengrinews.kz

Ақмола облысында кәсіпкерлердің құқығы бұзылғаны анықталды, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Мемлекеттік кірістер органдары ескіру мерзімінің өтуіне қарамастан («Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекстің 62-бабы 1-тармағы) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу бойынша («Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекстің 92-1-бабы) 107 кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Прокуратураның жедел шарасы нәтижесінде кәсіпкерлердің құқығы қалпына келтірілді, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңсыз қаулының күші жойылды. Заңбұзушылыққа жол берген мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Осылайша, өңірде 107 кәсіпкерге салынған айыппұлдың күші жойылды.

Сондай-ақ прокуратура жанынан кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі мобильді топ жұмыс істейтінін еске саламыз.

Сіз заңсыз тексеруге, қызметіңізге араласуға немесе мемлекеттік органдар тарапынан қысымға тап болсаңыз, тәулік бойы жұмыс істейтін +7 705 129 11 40 сенім телефонына хабарласа аласыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама