×

Футболдан U-23 Азия кубогының іріктеу кезеңі өтеді

Финалдық ойындар 2024 жылы Катарда болады

 Дастан Жұмабекұлы 18.05.2023 | 09:59
Фото: ашық дереккөз

Азия футбол конфедерациясы 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия кубогының іріктеу кезеңін қабылдайтын елдердің тізімін жариялады.

AFC U-23 Asian Cup Qatar 2024 топтық кезеңінің іріктеу ойындары Бахрейн, Қытай, Индонезия, Иордания, Оңтүстік Корея, Кувейт, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Таиланд, Өзбекстан және Вьетнам елдерінде ұйымдастырылады.

Іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі осы жылдың 25 мамырында Куала-Лумпурдағы АФК штаб-пәтерінде онлайн режимде өтеді.

23 жасқа дейінгі Азия кубогының финалдық ойындары 2024 жылы Катарда өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама