×

Астана мен Павлодардың арасына қатынау – 10 мың теңге

Әуе рейсі аптасына 5 рет қатынайды

 Дәурен Ерболат 18.05.2023 | 09:10
Фото: РИА Новости

Астана-Павлодар-Астана бағытындағы ұшақтарға әуе билеті сатыла бастады, деп хабарлады «Павлодар әуежайы» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Жолаушыларға SCAT әуе компаниясы қызмет көрсетеді.

Астана мен Павлодар бағытында ұшатын жолаушыларға мамырда билет сатуды бастаймыз. Жиілігі аптасына 5 рет болады: сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі. Билет құны – бір бағытқа 10 мың теңге, - деп жазылған компания таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама