×

Қостанай облысында психдиспансердің қызметкерлері тергеліп жатыр

Олар лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді

 Динара Амантай 17.05.2023 | 17:12
Фото: smi24.kz

Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Антикордың мәліметінше, орталық қызметкерлері мас халде жол-көлік оқиғаларын жасаған азаматтарды куәландыру нәтижелерін бұрмалауда көрсетілген лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

Тергеу мәліметтері бойынша, заңсыз әрекеттер нәтижесінде азаматтар әкімшілік жауапкершіліктен және көлік құралын басқару құқығынан айырудан құтылған.

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама