×

Самара-Шымкент тасжолында адамдар қаза тапты

Көлікте 5 жасар бала да болған

 Дастан Жұмабекұлы 17.05.2023 | 13:54
Фото: otyrar.kz

Самара-Шымкент тасжолының 824 шақырымында Toyota RAV-4 пен Chevrolet Lacetti көліктері соқтығысып, соның салдарынан 2 адам қаза тапты.  

Chevrolet көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы – Өзбекстан Республикасының азаматтары оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ Chevrolet көлігінің 3 жолаушысы мен Toyota көлігіндегі 5 жасар баласы бар ерлі-зайыптылар  медициналық мекемеге жатқызылды.

Жол апатына қатысты тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама