×

Өзбекстанда Қытайдың виза орталығы ашылды

Оның ашылу рәсімі салтанатпен аталып өтті

 Дастан Жұмабекұлы 17.05.2023 | 10:37
Фото: uza.uz

Ташкент қаласында Қытайға виза беру орталығы ашылды.

Оның ашылу салтанатына Өзбекстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Елшілігі, Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен екі елдің іскер топтарының өкілдері қатысты.

2022 жылы қыркүйекте ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында екі ел басшылары өзара қарым-қатынасты жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жаңа деңгейіне көтеріп, жан-жақты ынтымақтастығымыз кеңірек және терең дамып келеді. Әсіресе, визаны қалпына келтіргеннен кейін Қытайға баруға ниет білдірген Өзбекстан азаматтарының саны артты, – деді Қытай елшілігінің кеңесшісі Чжан Вэй.

Бүгінде дүниежүзі бойынша Қытайдың 97 виза орталығы жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама