×

Қазақстан мен Өзбекстан әскерилерінің оқу-жаттығулары басталды

Іс-шара өзара тәжірибе алмасуға, білім мен дағдыны шыңдауға ықпал етеді

 Дастан Жұмабекұлы 16.05.2023 | 10:06
Фото: ашық дереккөз

Өзбекстанның Ташкент әскери округінің «Ангрен» далалық полигонында Қазақстан мен Өзбекстан Қарулы күштері бөлімшелерінің ынтымақтастығы аясында «Қалқан-2023» арнайы-тактикалық оқу-жаттығулары басталды.

Іс-шарада Ташкент әскери округі әскерлерінің қолбасшысы, полковник Закир Сайфиддинов екі ел арасында әскери салада осындай тығыз ынтымақтастық орнатудың Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызы зор екенін айтты.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бірлескен оқу-жаттығулар өзара тәжірибе алмасуға, білім мен дағдыны шыңдауға, ең бастысы, өзбек-қазақ әскери қызметшілерінің өзара ынтымағы мен достығын нығайтуға қызмет етеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама