×

Екібастұздың қақ ортасында атыс болды

Белгісіз адам 32 жастағы жігітке оқ атты

 Дастан Жұмабекұлы 16.05.2023 | 09:50
Фото: ашық дереккөз

Екібастұз қаласында 15 мамырда белгісіз адам 32 жастағы жергілікті тұрғынға оқ атқан. Қазір оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, 15 мамырда сағат 17:40 шамасында Екібастұз қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі медициналық орталықтың жанында әйел адамның көмек сұрап жатқаны туралы хабарлама түскен. 

Осыдан кейін оқиға болған жерге дереу жедел тергеу тобы жіберілді. Сол кезде белгісіз адамның атыс қаруынан Екібастұз қаласының 32 жастағы тұрғынына оқ атқаны анықталды.

Ер адам ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, – делінген басқарманың хабарламасында.

Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 9-тармағы, 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша устау изоляторына қамауға алынды. Екінші күдікті іздестіріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама