×

«Құдайдан қорықпайды»: Алматы облысында айналма жол аумағынан сәби табылды (ВИДЕО)

Адамдар баланың ата-анасын бір сағаттан артық іздеген, алайда сол күйі таба алмаған

 Халық үні 16.05.2023 | 07:48
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Алматы облысында бесік арбадан табылған сәби туралы ақпарат пайда болды. Полиция баланың анасын анықтап, жауапкершілікке тартты. 

Ерлі-зайыпты жолдың қақ ортасынан бесік арбаға салынған баланы тауып алғанын хабарлаған. Оның жанында ата-анасы болмаған. Жазбадағы ақпаратқа сәйкес, ерлі-зайыпты баланың ата-анасын бір сағаттан артық іздеген, алайда сол күйі таба алмаған.

Далада кіп-кішкентай баланы қалдырып кеткен ғой. Құдайдан қорықпайды. Жұмыс жақтан келе жатқанбыз. Бір сағаттан бері жүрміз. Ешкім жоқ. Не істесек болады? Жыламайды өзі, күліп қояды. Ешбір құжаты да жоқ, ми далада қалай қорықпайды?, – дейді видео авторы.

Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, баланың анасы анықталған.

15 мамырда Қарасай аудандық ПБ сағат 10.08-де Үлкен Алматы айналма жолы тасжолының 5 километрінде кішкентай бала табылған. Аталған ақпарат Қарасай ауданы полциясында тіркелді. Аталған фактіні тексеру барысында оқиға орнына дереу полиция жасағы жіберіліп, көп ұзамай баланың анасы анықталды, –  делінген полиция хабарламасында.

Аталған факті бойынша полиция әйелге ӘҚбК 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырған.

Сонымен қатар сәбидің ата-анасымен профилактикалық, түсіндірме сипаттағы әңгіме жүргізілген. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама