×

Әлем чемпиондарына Үкімет тарапынан қанша сыйақы берілетіні белгілі болды

Әлем чемпионы болған боксшылардың бапкерлеріне де сыйақы қарастырылған

 Наима Нұрәлі 15.05.2023 | 15:38
фото: Halyq Uni

Бүгін бас бапкер Мырзағали Айтжанов бастаған ұлттық құрама боксшыларының алғашқы легі Астанаға оралды. Оларды күтіп алуға жергілікті жанкүйерлер мен Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов барды.

Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан командасы төрт алтын медаль еншіледі. Финалға бес қазақ боксшысы шығып, оның төртеуі жеңіске жетті.

Санжар Ташкенбай (48 келі) және Махмуд Сабырхан (54 келі) әлем чемпионы болды. Дулат Бекбауов (67 келі) финалда жеңіліп, күміс медаль еншіледі.

Команда капитаны Асыланбек Шымбергенов (71 келі) финалда өзбек боксшысы Саиджамшид Джафаровтан басым түсіп, чемпион атанды.

80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрбек Оралбай финалда Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатқанға қарсы жекпе-жекте үстем түсіп, Қазақстан қоржынына төртінші алтын медаль салды.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Үкімет тарапынан әлем чемпиондарына қанша сыйақы қарастырылатынын айтты.

Министрлік тарапынан әлем чемпиондарының әрқайсына 15 мың доллардан береміз және олардың бапкерлеріне де 15 мың доллар қарастырылған. Қазақстан бокс федерациясы тарапынан 100 мың доллар, AIBA тарапынан 200 мың доллар беріледі, - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама