×

Елімізде қирап қалған стадион қайта ашылады (ВИДЕО)

Мұнда спорттың 10 түрі бойынша жаттығуға мүмкіндік қарастырылған

 Дастан Жұмабекұлы 15.05.2023 | 11:12
Фото: ашық дереккөз

Шымкент қаласында «Металлургтер» аренасы қолданысқа беріледі.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, бұл стадионның жартығасырлық тарихы бар. Ол осыдан 6 жыл бұрын қирандыға айналудың алдында тұрған еді. Мұнда спорттың 10 түрі бойынша жаттығуға мүмкіндік қарастырылған. Құрылыс нысаны келесі айда пайдалануға беріледі.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің айтуынша, жергілікті билік өкілдері жарты ғасырлық тарихы бар стадионды сақтап қалуды ұйғарған. Сондықтан жаңа «Металлургтер» спорт кешенін салу жоспарға енді.

Бұл стадион біраз жыл қиын жағдайда тұрды. Өзіміз де осы жерде жаттықтық. Бұл – жастар үшін өте маңызды спорт алаңы. Жастар спортпен айналысуы керек. Сондықтан 2 жылда қайта құрылыс жүргізіп шықтық. Құрылыс жоспары бұрын дұрыс жасалмаған. Қайта өзгерттік, - деді әкім.

Қала басшысы стадионға қайта жөндеу жүргізіліп жатқанын, ол 1 маусымда қолданысқа берілетінін айтты.

Оның айтуынша, стадион 1500 адамға арналған. Онда спорт залдары, әкімшілік ғимарат пен спортшылар үйі қарастырылған. Қала әкімі енді мектеп лигасы тек осы «Металлургтер» стадионында өтетінін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама