×

Головкин Қазақстан құрамасын әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Қазақстан ұлттық құрамасы төрт алтын медаль еншіледі

 Еркеғали Болатұлы 15.05.2023 | 10:43
фото: wikipedia.org

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин ұлттық құраманы Ташкентте өткен әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады.

Қазақстан құрамасын Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатындағы тамаша нәтижемен құттықтаймыз! - деп жазды Головкин Instagram-дағы парақшасына.

Еске салайық, қазақстандық боксшылар 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатындағы жетістікті қайталады. Ол кезде Қазақстан құрамасының 4 боксшы чемпион атанған еді. 

Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан командасы төрт алтын медаль еншіледі. Финалға бес қазақ боксшысы шығып, оның төртеуі жеңіске жетті.

Санжар Ташкенбай (48 келіге дейін) және Махмуд Сабырхан (54 келіге дейін) әлем чемпионы болды. Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) финалда жеңіліп, күміс медаль еншіледі.

Команда капитаны Асыланбек Шымбергенов (71 келіге дейін) финалда өзбек боксшысы Саиджамшид Джафаровтан басым түсіп, чемпион атанды. 80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрбек Оралбай финалда Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатқанға қарсы жекпе-жекте үстем түсіп, Қазақстан қоржынына төртінші алтын медаль салды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама