×

Дулат Бекбауов бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды

Оның қарсыласы өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджиев болды

 Динара Амантай 13.05.2023 | 20:01
Фото: ашық дереккөз

Өзбекстан астанас Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Дулат Бекбауов күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджиевпен бақ сынасты. Осыған дейін қарсыластар өзара бір рет кездесіп, онда Дулат жеңген болатын.

Бұл жолы алғашқы раундта өзбекстандық боксшының соққылары дәлірек тиді – 5:0. Екінші кезеңде бес төрешінің төртеуі Асадхуджа Муйдинхуджиевке басымдық берді. Үшінші раундта Дулат Бекбауов алға ұмтылып баққанымен, кеш болды. Қорытынды есеп – 5:0, өзбекстандық спортшының пайдасына шешілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама