×

Сайран көлінің түбі 50 жылда алғаш рет тазартылып жатыр

Арна мен жағалауды тазартуға 4 экскаватор мен 30 самосвал жұмылдырылған

 Динара Амантай 12.05.2023 | 16:53
Фото: Алматы қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

Сайран көлінің түбі 50 жылда алғаш рет тазартылып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, шаһарда 3 көлді тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Сайран, Қарасу және Әуежай көлдері қоқыс пен лайдан наурыздан бері тазартылып жатыр. Көл түбін құрғату үшін Есентай, Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендерінің ағысы тоқтатылды.

Оның ішінде Сайран су қоймасының түбі соңғы 50 жылда алғаш рет механикалық тазартылып жатыр. Арна мен жағалауды тазартуға 4 экскаватор мен 30 самосвал жұмылдырылған. Аумағы 60 га жерде жұмыс басталғалы 140 мың м3 қоқыс пен лай шығарылды. Тазалау жұмыстары жақын күндері аяқталады.

Сонымен қатар, Үлкен Алматы өзенінің №1 тұндырғыштан Абай даңғылына дейінгі бөлігі, Есентай өзенінің жекелеген аумағы және Кіші Алматы өзенінің Әл-Фараби даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі аумағы санитарлық тазартудан өтеді.

Механикалық тазартудың негізгі мақсаты – биологиялық үдерістерді сақтау және су айдындарының экологиялық тепе-теңдігін қалпына келтіру үшін жағдай жасау.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама