×

Веломарафоншы 1 250 шақырым жүріп, Түркістанға жетті

Бұған дейін де 63 жастағы Бақытжан Бектенов көптеген жарыстарға қатысқан

 Дастан Жұмабекұлы 12.05.2023 | 11:40
Фото: ашық дереккөз

Жетісу облысы, Қарабұлақ ауылының 63 жастағы тұрғыны Бақытжан Бектенов велосипедпен 1 250 шақырым жол жүріп, Түркістан қаласына 6 күнде жетті. Айта кетсек, ол веломарафонға бұрыннан бері қатысып келеді.

«ЮК информ» агенттігінің хабарлауынша, велошабандозды Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев қарсы алып, құрмет көрсеткен. Ал Бақытжан Бектенов жиналған көпшіліктің алдында сапарының мәні мен маңызын айтып, Түркістанның мәдениеті және туризмімен жіті танысқысы келетінін атап өтті.

Мені қарсы алып, құрмет көрсетіп жатқан жандарға мың алғыс! Түркістан облысында бұқаралық спорт жаңа сипатқа еніп, еліміздің болашағы – жастарды спортпен көптеп шұғылдануға шақырамын, – деді ол.

Осыдан кейін веломарафоншы Түркістан мен Кентау қалаларының велоспорт өкілдерімен, жас спортшылармен кездесті. Жасөспірімдерге ақыл-кеңесін айтып, велоспортты дамытудың маңыздылығын да жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама