×

Биыл қажылыққа адамдарды үш әуе компаниясы апарады

Turkish Airlines те қажылар үшін таңдалды

 Дастан Жұмабекұлы 12.05.2023 | 09:45
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл 4 мың қажыны Сауд Арабиясына Flynas, Jazeera, Turkish Airlines әуе компаниялары тасымалдайтынын хабарлады.

ҚМДБ-ның хабарлауынша, конкурсқа Кувейттің Jazeera, Біріккен Араб Әмірлігінің Air Arabia, Түркияның Turkish Airlines, сондай-ақ Сауд Арабиясының Flynas әуе компаниялары қатысып, 3 әуе компаниясы таңдап алынды.

Атап айтқанда, тікелей рейстер арқылы қажылардың Меккеге жылдам жетуі үшін Flynas әуе компаниясы таңдалды. Ал арзан әуе билетін қалаған туроператорлар үшін Jazeera әуе компаниясы қызмет көрсететін болды. Әлемнің озық үлгіде қызмет көрсететін әуе компанияларының қатарына кіретін Turkish Airlines әуе компаниясы да қажылар үшін таңдалды.

Қажылар Астана, Алматы, Түркістан және Ақтау қалаларынан ұшаққа отырып, Мекке (Жидда) және Медине қалаларына жеткізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама