×

Кахраманмараш провинциясында тағы жер сілкінді

Тербеліс ошағы 11,56 км тереңдікте орналасты

 Халық үні 12.05.2023 | 01:07
фото: ашық дереккөзден

ҚазАқпарат – Түркияның Табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар салдарымен күрес жөніндегі басқармасының мәліметінше, (AFAD) елдің оңтүстік-шығысында орналасқан Кахраманмараш провинциясында 4,0 магнитудасымен жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен сағат 17:57-де (Астана уақытымен 20:57) тіркелді. Ошағы Гёксун ауданында орналасты.

Тербеліс ошағы 11,56 км тереңдікте орналасты.

Еске салайық, Түркияда жойқын екі зілзала биылғы 6 ақпан күні дәл осы Кахраманмараш провинциясында болды. Магнитудасы 7 балдан асты. Тербеліс елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда сезілді. Табиғи апаттан Түркияға келген шығын 105 млрд доллардан асты.

Түркияда әлсін-әлсін жерасты дүмпулері бүгінге дейін қайталанып отыр. Мәселен 6 ақпан – 31 наурыз аралығында 22,5 мың тербеліс тіркелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама