×

Қарсы шабуылды бастау үшін әлі уақыт керек – Зеленский

Қазір соғыс негізінен Бахмут, Авдеевка, Марьинка елді мекендерінде болып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 11.05.2023 | 15:35
Фото: ашық дереккөз

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Қарулы күштеріне қарсы шабуылдың уақыты әлі келмегенін айтты.

Қолда бар нәрсемен алға ұмтылып, жерлерімізді азат етуге болатын еді. Бірақ біз көп адамнан айырыламыз. Менің ойымша, бұл асығыс шешім болады. Сондықтан қарсы шабуылға тас-түйін дайындалып, уақытты күту керек. Бізге әлі де көбірек уақыт керек. Басқа амал жол, – деді ол.

Соңғы дерекке қарағанда, Украина қарсы шабуылға 600 түрлі қару-жарақ пен техника алды. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Еуропа мен Африкадағы қолбасшылығының спикері О'Доннелл хабарлады.

Сондай-ақ Ұлыбритания Украинаға «Storm Shadow» ұзақ қашықтықтағы қанатты зымырандарын қарсы шабуылға дейін жеткізіп берді.

Қазір соғыс негізінен Украинаның Бахмут, Авдеевка, Марьинка елді мекендерінде болып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама