×

Алматы облысында сілеусін фотоға түсіп қалды

Ол дыбыс шығармай жүрген

 Дастан Жұмабекұлы 11.05.2023 | 11:15
Фото: ашық дереккөз

Соңғы екі жылда алғаш рет сілеусін Шарын ұлттық паркіндегі Бұғыты тау учаскесіне орнатылған фототұзақтың объективіне түсіп қалды. 

Бұл жыртқыш негізінен түнде белсенді. Дыбыс шығармай жүреді. Ал сілеусін терісінің ала болып келуі оның ағаштардың арасында оңай жасырынуына көмектеседі. Себебі күн сәулесінен түскен жарықтан сүтқоректі байқалмай қалады. 

Сілеусін шабуылдағанда 4 метрге дейін секіреді. Сонымен қатар, ересек дарағы 1 күнде 30 шақырымға дейінгі арақашықтықты еңсере алады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама