×

Павлодар көшелеріне атты полицейлер шықты (ВИДЕО)

Олар көлік жүре алмайтын жерлерді тексереді

 Дастан Жұмабекұлы 11.05.2023 | 09:43
Фото: polisia.kz

Павлодар қаласында атты полицейлер қызметін бастады.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, жазда авто және жаяу патрульдерден басқа, Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының ат взводы да қызмет атқарады. Полицейлер өздеріне сеніп тапсырылған аумақтың барлық периметрі бойынша көліктер жүре алмайтын жерлерді де назарда ұстауға тиіс.

Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, атты полицейлер көлік жүре алмайтын жерлер үшін қолайлы. Ең алдымен, жазғы коттедждер тексеріледі. Сондай-ақ рейдтер облыс орталығының бау-бақша кооперативтерінің аумағында да жүргізіледі.

Полиция қызметкерлері бау-бақша шаруашылығында үнемі рейдтер жүргізеді. Бау-бақшада құжатсыз жүрген адамдарды, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтау және ұрлықтың алдын алу мақсатында тексеріледі. Рейд кезінде құрылыс нысандары, оның ішінде тоқтатылған және қараусыз қалған ғимараттар мен саяжай учаскелері де тексеріледі, – деді ол.

Жақында облыстық полиция департаменті төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірігіп, Павлодар қаласының Ертіс өзені мен бау-бақша алқабындағы өрттердің жиілеп кетуіне байланысты рейд жүргізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама