×

«Қауіпсіздігімді қамтамасыз етіңізші»: танымал журналист Тоқаевқа үндеу жолдады

Журналистің бірнеше рет әлеуметтік желіге шыққан тікелей эфирлерінен Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайға, ҚР ІІ министріне, сондай-ақ басқа да құзырлы тұлғаларға осы өтінішпен хабарласқаны мәлім болды.   

 Халық үні 08.05.2023 | 20:48
Фото: mail.kz

Белгілі журналист Ербол Мәндібек әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеп, Мемлекет басшысынан жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өміріне араша түсуді сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қымбатты Қасым-Жомарт Тоқаев мырза, Сізден өмірімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұраймын. Өйткені кешеден бері менің артыма түсініксіз із кесушілер, аңду түскенін сезіп жүрмін. Дәл қазір менің басымда қорқыту-үркітулер жүріп жатыр. Мен тәуелсіз журналиспін. Қазақстанда сөз бостандығы, журналистің қауіпсіздігі ескеріледі деп сенемін. Мемлекеттік ақпараттық саясат саласында 15 жыл еңбек еткен журналист ретінде саясатқа да араластым, мүмкін біреулердің жолын кескен кездерім де болған шығар. Сондықтан егер маған қастандық жасалып, өмірден өтіп кететіндей жағдай болса, барлығыңыздан кешірім сұраймын. Бірақ ешқашан халқыма қарсы шыққан емеспін! Құрметті Президент мырза, мен Сізді қолдаймын, Жаңа Қазақстанға, Әділетті Қазақстанға сенемін! Менің, отбасымның, бауырларымның қауіпсіздігін қамтамасыз етіңізші!», - делінген бейнежазбада.

Кейін журналистің бірнеше рет әлеуметтік желіге шыққан тікелей эфирлерінен Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайға, ҚР ІІ министріне, сондай-ақ басқа да құзырлы тұлғаларға осы өтінішпен хабарласқаны мәлім болды.   

Серіктес жаңалықтары

Сараптама