×

Петропавлдағы алапат өртке қатысты тың ақпарат шықты

Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз

 Халық үні 08.05.2023 | 00:08
фото: inform.kz

Петропавлдық өрт сөндірушілер «Береке» ықшам ауданындағы өртті ауыздықтады. 9 үй, 3 автобус және кәсіпорын гаражы жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 19:00 шамасында «Береке» ықшам ауданында басталған өртті тек үш сағаттан кейін ғана ауыздықтау мүмкін болды. Қатты жел мен батпақты жер мамандардың жұмысын қиындата түсті.

Сондай-ақ, бұл күні Петропавлда тағы төрт жерде өрт шыққан еді.

«Өрттің салдарынан 9 үй, оның екеуі бос тұрған, «Сервис Вектор» ЖК 540 шаршы метрлік алған гаражы және үш автобус жанып кетті. Оқиға орнынан 40 адам, соның ішінде 9 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Бір адамға дәрігерлердің көмегі қажет болды. Оны күйік шалған жоқ, қан қысымы көтеріліп, жағдайы нашарлаған. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз», - дейді СҚО ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Өртті сөндіруге ТЖД мамандарынан басқа, Оңтүстік-Орал теміржолы Петропавл бөлімшесінің әскери өрт сөндіру командасы, жергілікті атқарушы орган өкілдері, «Қызылжар су» ЖШС және мемлекеттік емес өртке қарсы күрес қызметі, СҚО полиция департаменті жұмылдырылды. Оқиға орнында 137 адам және 28 техника жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта СҚО ТЖД психологиялық қызметінің мамандары тұрғындарға көмек көрсетіп жатыр. Сондай-ақ, арнайы штаб құрылып, қауырт желі іске қосылды.

Ал, «Береке» ықшам ауданындағы № 25 орта мектепте эвакопункт ашылды.

Бұған дейін Петропавлдағы 5-Сенная көшесінде қамыстың өртеніп, жалынның жеке тұрғын үйлерге жайылғанын айтқан едік. Салдарынан 4 үй түгі қалмай жанып кетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама