×

Президент ерлігімен танылған әскерилерді орден-медальдармен марапаттады

Мемлекет басшысының төрағалығымен Бүкілармиялық кеңес отырысы өтіп жатыр

 Динара Амантай 05.05.2023 | 16:47
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар әскери қызметшіні марапаттады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

III дәрежелі «Айбын» орденімен:

1. Бабақұлов Қуаныш Исабекұлы, ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің аға нұсқаушысы.

«Ерлігі үшін» медалімен:

1. Лисбаев Байсейіт Жәнібекұлы, Ұлттық ұлан 6654 әскери бөлімінің взвод командирі;

2. Рахматалиев Данияр Тілекбайұлы, ТЖМ Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен:

1. Алдабергенев Мейір Салқынбекұлы, Қорғаныс министрлігі 19033 әскери бөлімі минасыздандыру бөлімшесінің командирі;

2. Рамазан Дәурен Қайратұлы, Мемлекеттік күзет қызметінің жедел уәкілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама