×

Теннистен жасөспірімдер құрамасы тұңғыш рет әлем чемпионатына жолдама алды (ВИДЕО)

Қазақстан Австралия командасын 2:0 есебімен ұтты

 Дастан Жұмабекұлы 05.05.2023 | 15:22
фото: Қазақстан теннис федерациясы

Теннистен Қазақстан құрамасы 16 жасқа дейінгілер арасында Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша Шымкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты іріктеу турнирінің финалына шығып, алғаш рет әлемдік додаға жолдама алды.

Қазақстан теннисшілері әлемнің үздік командаларының бірі, «Билли Джин Кинг» кубогының төрт мәрте иегері – Австралия құрамасын 2:0 есебімен ұтты.

Командалардың бірінші кездесуінде Аринаоа Гогулина жасыл құрлықтың өкілі Анна Субасичті 7:5, 3:6, 7:5 есебімен жеңсе, Полина Слепцова Австралия жасағының лидері Тахлия Коккинистен 7:5, 6:4 есебімен басым түсті.

Енді биыл күзде еліміздің жасөспірімдер құрамасы тұңғыш рет Juniors Billie Jean King әлем чемпионатына қатысады. Әлемдік додада 16 елдің өкілдері күш сынасады.

Ертең Қазақстан құрамасы 16 жасқа дейінгілер арасында Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша Шымкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты іріктеу турнирінің финалында Жапония мен Оңтүстік Кореяның ойынында жеңген командамен кездеседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама