×

Зеленский Гаага сотына барды

Бұл жерде басқа Владимирді көруіміз керек, - деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 05.05.2023 | 11:50
фото: ашық дереккөз

Украина президенті Владимир Зеленьский ресми сапармен Нидерландқа барып қайтты. Осы сапары барысында ол Гаага қаласында орналасқан Халықаралық қылмыстық сотта болып, сөз сөйледі.

Ол ұшқышсыз аппараттардың Кремльге жасаған шабуылдарына өз елінің ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.

Путинге шабуыл жасау мүлде керек емес. Оның жазасын Гаага трибунал ғана беруге тиіс. Біз Гаагадан басқа Владимирді көруіміз керек. Сол күнді көруге жазсын. Мен ол күннің жақындап келе жатқанын сеземін. Біз жеңіске жеткенде ол күн де келеді, – деді ол.

Оның айтуынша, сәуір айында Ресейдің қарулы күштері Украинаға 6 139 әскери қылмыс жасаған. Соның кесірінен 207 адам, оның ішінде 11 бала қаза тапқан. Жақында ресейліктер Херсонды тағы да атқылап, соның салдарынан 23 адам көз жұмып, 49 адам ауыр жарақат алған.

Осы сапарында Зеленский Нидерландтың премьер-министрі Марк Рютте мен Бельгияның Үкімет басшысы Александр де Кроомен кездесті. Кездесуде Украинаның НАТО-ға мүше болу мен қару-жарақ жеткізу мәселесі талқыланды.

Нидерланд пен Бельгияның басшылары Зеленскийге барынша қолдау көрсететінін айтты. Осы кездесуден кейін Бельгия Ресейдің бұғатталған 200 мың еуросын Украинаға тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама