×

Түркістан облысында дауыл соғып, 2 мыңнан аса нысан жарықсыз қалды

Оқушылар онлайн форматта оқиды

 Дәурен Ерболат 05.05.2023 | 09:31
Фото: Sputnik

Түркістан облысында дауыл соғып, 2 аудан жарықсыз қалды, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Бәйдібек пен Сауран аудандарында 2 мыңнан аса абонент электр желісіне қосылмады. Электр желілерін жөндеуге «Оңтүстік жарық» мекемесінің 6 бригадасы: 48 адам мен 4 техникасы жұмылдырылды, - деп жазылған хабарламада.

Сайрам, Сауран, Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Төлеби, Түлкібас, Созақ аудандары мен Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында желдің екпіні әлі басылар емес.

Төтенше жағдай департаментінде штаб құрылып, арнайы комиссия жұмысқа кірісті.

Өңірдегі су нысандары мен қоймаларда тәуліктік кезекшілік жүргізіліп, бақылауға алынды. Дауылға байланысты Кентау қаласындағы барлық білім беру ошағы қашықтан оқытуға көшіріліп, балабақшалар жұмысын уақытша тоқтатты.

Базарлар мен сауда орталықтарының және халық көп шоғырланатын нысандардың жұмысына шектеу қойылды. Аудан, қалалардың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшкен, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама