×

Қызылорда облысында қайғылы жағдай болды: 11-сынып оқушысы көз жұмды

17-дегі жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен

 Халық үні 04.05.2023 | 21:50
ашық дереккөзден

Қызылорда облысы Шиелі ауданында 11-сынып оқушысы басқарған көлік аударылып, құрдасы көз жұмды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

 Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, 17-дегі жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен. Басынан, кеуде, мойын омыртқа тұсынан қатты соққы алған ол ауруханада жатыр. Одан өзге көлікте 4 адам болған. Оның екеуі үйіне қайтарылса, біреуі ем алуда. Ал төртіншісі 11-сынып оқушысы жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қазіргі таңда аталмыш дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды.

 «17 жастағы аудан тұрғыны «Тайота» маркалы автокөлінің басқару жүйесіне ие бола алмай, жол-көлік оқиғасына тап болған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеті жүргізілуде. Тиісті сот сараптамасы тағайындалды», -деді облыстық полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Назарбек Жамаладдин.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама