×

Сауд Арабиясының клубы Мессиге бір жылға 400 млн доллар ұсынды

Қазір келісімшартпен футболшының әкесі айналысып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 04.05.2023 | 16:47
фото: ашық дереккөз

Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» клубы аргентиналық «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Мессиге команда құрамында бір маусым ойнап беру үшін 400 млн доллар жалақы ұсынып отыр.

Қазір Мессидің Сауд Арабиясы клубына ауысуы туралы мәселемен футболшының әкесі Хорхе Месси мен «Манчестер Сити» командасының экс-бас директоры Гарри Кук айналысуда.

The Telegraph басылымына сүйеніп, Sports.ru хабарлағандай, Месси саудиялық клубқа ауысатын болса, онда бұл футбол тарихындағы ең қымбат келісімшарт болуы мүмкін. Бұған дейін, Мессидің өзі бұрын ойнаған «Барселона» клубына қайта баруы мүмкін екені айтылған болатын. Одан кейін каталониялық командадан еш хабар болмаған соң, аргентиналық футболшы басқа да варианттарды қарастырып отырған көрінеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама