×

Талдықорғанда жүк көлігі үш жасар баланы қағып, мерт қылды

Жүк көлігін 43 жастағы ер адам басқарған

 Халық үні 03.05.2023 | 21:43
фото: ПД

Талдықорғанда жүк көлігі үш жасар баланы басып кетіп, мерт болды, - деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. 

Ведомство мәліметінше, Аталған факті 3 мамырда Көктал шағын ауданында болды. Онда 3 жасар бала ГАЗ-53 жүк көлігінің астына түсіп, оқиға орнында қайтыс болды.

«Жүк көлігін 43 жастағы ер адам басқарған. ЖКО-ның мән-жайын қалалық полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Көлік арнайы тұраққа қойылды», делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама