×

Қазақстан мен БАӘ арасындағы рейстер саны артып келеді

Тамыздан бастап Алматы – Әбу-Даби бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерінің санын аптасына 5-тен 7 ретке дейін артады

 Динара Амантай 03.05.2023 | 16:28
Фото: turkystan.kz

Бірікке араб әмірліктері бағытындағы әуе рейстерінің саны артып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, биыл 1 шілдеден бастап «Wizz Air Abu Dhabi» төмен бюджеттік әуе компаниясы Қазақстан мен БАӘ астаналары Астана және Әбу-Даби қалалары арасында аптасына 3-тен 5 ретке дейін (сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі) тұрақты жолаушылар рейстерінің санын ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, 4 тамыздан бастап «Wizz Air Abu Dhabi» әуе компаниясы Алматы – Әбу-Даби бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерінің санын аптасына 5-тен 7 ретке дейін (күн сайын) арттыруды жоспарлап отыр. Рейстер Airbus 320 және Airbus 321 типті әуе кемелерінде орындалады.

Қазақстан мен БАӘ арасындағы рейстер санының ұлғаюы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ халықаралық әуе тасымалдар нарығындағы бәсекелестікті арттыруға және әуе билеттері бағасының төмендеуіне ықпал ететін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама