×

Израиль мен Палестина қарулы қақтығысты тоқтатуға келісті

Египет, Катар және БҰҰ арағайындық жасады

 Дастан Жұмабекұлы 03.05.2023 | 13:30
фото: zvezdaweekly.ru

Израиль мен Палестина қарулы топтары сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні Египет, Катар және БҰҰ-ның арағайындығымен қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімге келді.

Газа секторындағы израильдік және палестиналық фракциялары атысты тоқтату туралы келісімге келді. Осы келісімге Египет, Катар және Біріккен Ұлттар Ұйымы күш-жігерін салып, қарулы қақтығысты тоқтатуға көндірді, – делінген Al Jazeera телеарнасының хабарламасында.

Бұдан бұрын Израиль әуе күштерінің ұшақтары Палестинаның соққыларына жауап ретінде Газадағы «ХАМАС» ұйымының бірқатар нысанасына шабуыл жасаған еді. Палестинаның әскері сәрсенбі күні түнде Израильдің оңтүстігіне 37 зымыран жіберген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама