×

Еліміздің бір өңірінде мамыр айында тағы да құрғақшылық болуы мүмкін

Жауын-шашын тапшылығы мен ауа температурасының жоғарылауы болжанған

 Еркеғали Болатұлы 03.05.2023 | 11:38

Синоптиктер елімізде осы айда болатын құрғақшылық болжамына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Мамандар мамыр айында астық себілетін аймақтарда ылғалдану жағдайы көбінесе нормаға жуық болады деп болжаған. Қостанай облысының Қарасу ауданында, Ақмола облысының Ақкөл, Атбасар және Астрахань аудандарында, Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Глубокое, Зырян, Ұлан, Қатонқарағай аудандарында және Өскемен қаласында, сондай-ақ Алматы облысының Талғар ауданында ылғалдану жағдайы жақсы болады.

Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарында құрғақшылықтың басталуы күтілуде. Мұнда мамыр айында жауын-шашын тапшылығы мен ауа температурасының жоғарылауы болжанып отыр, – делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, елдің қалған өңірлерінде мамыр айында ылғалдану бұрынғыдай өз деңгейінде болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама