×

Абай облысында өзен ортасындағы аралда қалып қойған адам құтқарылды

1992 жылы туған азамат Көкпекті өзенінен атпен жүзіп өткісі келген

 Дастан Жұмабекұлы 03.05.2023 | 08:45
фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Абай облысында құтқарушылар өзеннен өте алмай, аралда қалып қойған адамды аман алып шықты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Көкпекті ауданындағы Ажа ауылы ескі Буденный учаскесіндегі Көкпекті өзенінен өтіп бара жатып, екі адам аралда қалып қойған. Оларды құтқаруға құтқарушылар мен техника жіберілді.

Құтқарушылар келгеннен кейін 1992 жылы туған ер адамның өзеннен атпен жүзіп өткісі келіп, ағыстан өте алмай, өзен аралында қалып қойғаны анықталды.

15-ӨСБ қызметкерлері резеңке қайықтың көмегімен ер адамды жағаға, қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Құтқарушылар келгенге дейін екінші адам өз бетімен жағаға шыққан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама