×

5 мамырда Жер бетіне Айдың ең терең тұтылуы байқалады

Бұл кезеңде агрессивтілік пен мәселелерді күшпен шешуге бейімділік айтарлықтай артады

 Еркеғали Болатұлы 01.05.2023 | 11:20
фото: ашық дереккөз

5 мамырда әлем халқы қызықты астрономиялық құбылыс – Айдың ең терең тұтылуын байқай алады. Бұл туралы «Московского планетария» порталы жазды.

Күннің жартылай тұтылуы аяқталған кезде Ай Жердің жарты көлеңкесі арқылы өтеді. Астрономдар мұның өте терең, бірақ өте әлсіз құбылыс болатынын айтып отыр. Себебі Ай тек Жер көлеңкесінің шетінен – оңтүстік бөлігі арқылы өтеді.

5 мамырда айдың жартылай тұтылуы Австралияда, Африкада, Оңтүстік және Шығыс Еуропада, Азияның көп бөлігінде, Антарктида, сондай-ақ Үнді, Тынық және Атлант мұхиттарында көрінеді. Айдың тұтылуының алғашқы құбылысы Грузия мен Ресейдің басым бөлігінен анық көрінеді. Дегенмен астрономиялық құбылысты тәжірибелі астрологтар ғана тереңірек бақылай алады.

Астрологтар бұл толық Ай Сарышаян белгісінде болатынын атап өтті. Ал Ай Жердің көлеңкесінде жасырылғандықтан, энергия ағыны жойқын әрекет етуі мүмкін. Бұл кезеңде агрессивтілік пен мәселелерді күшпен шешуге бейімділік айтарлықтай артады.

Бұл кезең – физикалық және психологиялық саулықты нығайтудың дұрыс уақыты. Сондай-ақ бұл уақыт имиджді түбегейлі өзгертіп, сыртқы келбетпен кез келген эксперименттерге, психологиялық тренингтер мен мамандардан кеңес алуға қолайлы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама