×

Серік Қалиевтің желіде «Жол апаты» өлеңі қызу талқыланып жатыр

Ақынның өлеңі өмірінің соңғы сәттерін сипаттағандай жазылған

 Халық үні 01.05.2023 | 06:33
ашық дереккөзден

Белгілі айтыскер ақын, журналист Серік Қалиев 27 сәуір күні өмірден өтті. Ақынды мешітке құптан намазына бара жатқан жолда көлік қағып кеткен.

«Дінсіз кетті бір ағам, дінсіз кетті» деп өлең оқып, ұлтына адал қызмет етіп, жастарды мейірімділік пен ұлтқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеген ақынның әлеуметтік желіге жариялаған «Сен өлесің» «Жол апаты» деген өлеңдері халықтың қызу талқысына түсіп жатыр.

Өлеңдерінің мазмұны өмірінің соңғы сәттерін сипаттағандай жазған ақын оқырмандарының жүрегін елжіретті. Отты жырларымен оқырмандарын ізгілікке бастаған ақын ұлтының жүрегінде мәңгі қалары сөзсіз.

Ақынның «Жұлдыз – сезім», «Ақ моншақ», «Егіздің сыңары», «Ашық хат» өлең жинақтары жарық көрген. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама