×

Экс-депутат әрі халықаралық іздеудегі қылмыскер Шымкентте ұсталды

Ол Тараздағы ЖШС директорынан 10 мың доллардан астам ақша бопсалаған

 Халық үні 30.04.2023 | 22:50
ашық дереккөзден

Шымкентте ақша бопсалады деген күдікпен 2007 жылдан бері іздеуде жүрген жеті ағайынды Қырықбаевтардың бірі Алмас Қырықбаев ұсталды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков Телеграм-каналында хабарлады.

Журналисттің айтуынша, ол біраз уақыт Өксікбаев деген атпен жүрген, Қазақстанға Біріккен Араб Әмірліктерінен келген.

«Ол Қазақстанға Әмірліктерден тікелей рейспен келген, соңғы жылдары Өксікбаев деген фамилиямен тұрып, Жамбыл облысы мәслихатының депутаты болып сайланған. Қызық, егер қылмысты 2006 жылы жасаған болса, оның мерзімі өтіп кетпеді ме?», - деп жазады Козачков.

Алмас Қырықбаев - ағалы-інілі азаматтардан тұратын бұрыннан белгілі «Қырықбаевтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі.

Алмас Қырықбаев 2007 жылдан бері бопсалау күдігімен халықаралық іздеуде болған. Тергеу мәліметінше, ол Тараздағы ЖШС директорынан 10 мың доллардан астам ақша бопсалаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама