×

Олимпиада ойындарының жүлдегері есірткі сатты деген күдікпен Гоада ұсталды

1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының брасс әдісі бойынша жүзу жүлдегері Светлана Варганова Гоада (Үндістан) есірткі сатты деген күдікпен ұсталды

 Халық үні 30.04.2023 | 19:33
Фото: championat.com

1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының брасс әдісі бойынша жүзу жүлдегері Светлана Варганова Гоада (Үндістан) есірткі сатты деген күдікпен ұсталды. Indian Express ақпаратынша, ресейлік қыз бірнеше жылдан бері Гоада тұрған, деп хабарлайды championat.com.

Варганованы Үндістанда 14 сәуірде ұстаған кезінде өзімен есірткі бар екені анықталған. Кейінірек оның сыбайластары да осындай заттармен тұтқындалды.

«Ол есірткіні тек шетел азаматтарына жеткізіп отырған. Сондай-ақ оның үйінде кальян бары ашылған, ол жерге шетелдіктер келіп, есірткі қолдана алған», - деді тергеуге жақын полиция өкілі.

Тергеу наркокартель түрлі есірткілерді таратқанын көрсетті. Сонымен қатар жалған құжаттар мен қолма-қол ақша – Үндістан рупийі, АҚШ доллары мен тай баты табылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама