×

Қазақстанда таза судың құны мемлекеттен субсидияланады

Сумен жабдықтау жұмыстарын қарқындату үшін басым негізде қажетті қаражатты бөлу қарастырылмақ

 Динара Амантай 27.04.2023 | 15:25
Фото: ortalyq.kz

Мемлекет маңызды топқа кіретін және дербес жергілікті сумен жабдықтау жүйелері арқылы таратылатын таза су қызметтерінің құнын ішінара субсидиялайды. Бұл туралы ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы брифинг барысында айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, 2022 жылдың қорытындысына сәйкес еліміздегі қалаларда сумен жабдықтау қызметтері 98,4%-ға және ауылды жерлерде 94,5%-ға қолжетімді.

Ведомство өкілі халықты сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етуге байланысты қолға алынған жұмыстар туралы айта келе алдыға қойылған міндеттерге де тоқталды.

Мәселен, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Жетісу, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының қала халқы сумен жабдықтау қызметтерімен 100%-ды қамтылған.

Бұл ретте ең төмен деңгей Жамбыл (91,9%), Қостанай (80,4%), Ақмола (89,8%) және Солтүстік Қазақстан облыстарының (85%) қалаларында байқалып отыр. Осыған байланысты бұл өңірлерде сумен жабдықтау жұмыстарын қарқындату үшін басым негізде қажетті қаражатты бөлу қарастырылмақ.

Суды коммерциялық және техникалық мақсатта үнемдеп, апатты әрі инвестициялық шығындарды азайту үшін республикалық бюджет есебінен су арналарын автоматтандыру бойынша жобаларды қаржыландыру жоспарланған. Атап айтқанда, желілердегі судың тұрақты қысымын қамтамасыз ету үшін сорғы стансаларын модельдеп, басқаруға мүмкіндік беретін бүкіл өндірістік процеске байланысты су ресурстарын есепке алудың толық кешенін қамтамасыз ету көзделген. Бұл су құбыры мен мемлекеттік бюджеттен бөлінетін сумен жабдықтау және су бұру жүйесін салып, жаңғыртуға арналған келешектегі шығындарын азайтуға септеседі.

Бұдан бөлек ведомство өкілі министрліктің ауыз суды арзандатуға бағытталған жұмыстары жөнінде айтып берді. Су кодексіне сәйкес мемлекет маңызды топқа кіретін және дербес жергілікті сумен жабдықтау жүйелері арқылы таратылатын таза су қызметтерінің құнын ішінара субсидиялайды.

Яғни, жергілікті атқарушы органдар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тарифтерге байланысты 1 текше метр ауыз судың бағасын реттейді. Осы арқылы тариф пен төлем мөлшері арасындағы айырмашылықты мемлекет субсидиялайды.

Алайда елімізде (қажетті есептеу аспаптары болған жағдайда) бір адамға субсидиялаудың нормативтік шектеуі (ҚНжЕ сәйкес тәулігіне 140 литрге дейін) белгіленгенін ескерген жөн. Бұл тіршілік нәріне үнемдеп қарауға бағытталған амал. Демек суды тұтыну көлемі белгіленген нормадан асып кеткен жағдайда кез келген азамат оның ақысын тариф бойынша толық төлеуге тиіс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама