×

Ресейде төрешілер қазақ боксшысының аяғынан шалды (ВИДЕО)

Петряков мың соққы жіберіп алса да рефериге бір көзін қысып, жеңіске жетті

 Дастан Жұмабекұлы 27.04.2023 | 12:42
фото: ашық дереккөз

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен бокс кешінде дау шықты. Оған Қазақстан атынан жартылай орта салмақтағы Сағадат Рахманқұлов қатысып, төрешілердің шешімімен жергілікті боксшы Виталий Петряковтан (97-93, 95-95, 96-94) жеңіліп қалды.

Алайда төрешілердің бұл шешімі соңынан дау тудырды. Өйткені 10 раундқа созылған жекпе-жекте қазақ бкосшысы шаршы алааң иесін айқын басымдықпен жеңген деген мәлімет бар.  

Осыған байланысты бокс жанкүйерлері әлеуметтік желіде наразылық білдірді. «Сендерде осы ұят деген бар ма? 9 раундта мың соққы жіберіп алып, жеңді дегенді қалай түсінеміз?!», «Жүз пайыз қазақ жеңді. Төрешілер аяқтан шалды» деген сияқты пікірлер қалдырған олар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама