×

Ердоған тікелей эфирде өзін жайсыз сезінді (ВИДЕО)

Түркия президенті тамағы қарлығып, үзіліс сұраған

 Дастан Жұмабекұлы 26.04.2023 | 15:54
фото: ашық дереккөз

Түркия президенті Режеп-Тайып Ердоған Ulke TV және 7 арнаға сұхбат беріп, президенттік және парламенттік сайлауалды бағдарламасын таныстырып жатқанда өзін жайсыз сезінді.

Ердоғанның өзі тікелей эфирге 1,5 сағатқа кешігіп келген. Ал тікелей эфир басталғанда президент журналистің сұрағына жауап бере алмай, кібіртіктеп қалған. Сол кезде ол «Құдайым-ай» деп үзіліс жасауды сұраған. Осы сәтті оператор ұтымды пайдаланып, камераны бірден журналистке бұрып, үзіліс жасаған.

Содан кейін Ердоған көрерменнен кешіріп сұрап, эфирді жалғастыруды өтінген.

Қазір біз көп жұмыс істеп жатырмыз. Менің тамағым ауырып тұр. Соған қарамастан эфирге келдім. Егер эфирге келмесем, біраз адам мені дұрыс түсінбей қалатын еді. Сіздерден кешірім сұраймын, – деді ол.

Ердоған тікелей эфирде даусы қарлығып тұрса да мүмкіндігінше сайлауалды бағдарламасына қатысты сұрақтарға жауап беруге тырысқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама