×

Екібастұздағы зираттан да қапшыққа салынған адам қаңқасы табылды

Полиция жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды

 Динара Амантай 26.04.2023 | 12:51
Коллаж: Halyq Uni

Екібастұзда полиэтилен қапшықтан адамның денесі табылды. Полиция жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 24 сәуірде Екібастұзда еріген суларда, Қ. Нұралин көшесіндегі ескі зиратқа кіре берісте полиэтилен қапшықтан адамның қаңқалы мәйіті табылған. ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Павлодар облысының ПД жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды.

Қаңқалы мәйітте «Челси» футбол командасының эмблемасы бар Adidas фирмасының көк түсті футболкасы; Nike фирмасының эмблемасы бар қара түсті спорттық шалбар; сұр жолақтары бар қара түсті күртеше және қара түсті шұлықтары бар.

Ведомство өкілдері қандай да бір ақпараты бар кез келген адамды төмендегі байланыс телефондары арқылы хабарлауды сұрайды:

  • Екібастұз қаласы ПБ кезекші бөлімі: 8 (7187) 75-06-06, 75-05-54, 75-05-45.
  • Қылмыстық полиция бөлімі: 8-776-269-41-28, 8-775-334-57-95.
  • 102 телефоны бойынша.

 Анонимділікке кепілдік беріледі!

Еске сала кетсек, бұған дейін Көкшетаудағы зираттан пакетке оралған адамның бас сүйегі табылғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама