×

«СПИД-пен ауырған»: Базардан басы табылған әйел туралы тың дерек шықты

Дене табылған жерде әлі де ұйыған қанның қалдығы бар

 Халық үні 25.04.2023 | 22:40
фото: almaty.tv

Алматының Түрксіб ауданындағы базардан басы табылған әйел ВИЧ инфекциясымен ауырған. Бұл туралы марқұм уақытша паналаған әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметкері «Шешімі бар» бағдарламасында мәлімдеді. 

Алматы телеарасының хабарлауынша, елдің есін екеу, түсін төртеу қылған қылмыс 12 сәуірде болған еді. Марқұмды танитын Түрксіб ауданындағы дүкен сатушысы әйелдің бассыз денесін Шолохов көшесіндегі саябақтан ит тапқанын айтады.

«Тергеушілердің айтуынша, оқиға таңғы сағат 5:00-де  болған. Сағат 9:00 шамасында денесі табылған. Әйел серуендеп жүрген көрінеді. Денесін ит тауып алған»,– деді сатушы Айжан.

Дене табылған жерде әлі де ұйыған қанның қалдығы бар. Ал саудагерлер бас салынған пакетте қан болмағанын айтады.

БЛИЦ:

– Оны басында біз бомба деп ойладық. Одан кейін ашып қарадық. Басты көріп, адам екенін түсіндік. Басының терісі көрініп тұрды. Қаны жоқ, тап-таза болды. Жуып, тазалап қойған сияқты

– Киімінің бәрі жабық болды. Көзілдірік, медициналық бетперде, басында панама, шашы, түрі көрінбейді. Бірнеше секундқа кіріп, мына жерде тұрды. Қолынан бір нәрсе түсіп қалғандай кейіп танытты. Сол еңкейген күйі жылдам кетіп қалды.  

Бұл жайтқа қатысты арнамыздың «Шешімі бар» бағдарламасында пікірін айтқан заңгердің айтуынша, қанды қылмысты қаскөй алдын ала жоспарлауы мүмкін.

«Ол іс-әрекетіне жауап беретін адам. Өйткені түрін көрсетпеді, еңкейіп тұрды. Бас кимін төмен түсіріп алған. Ол басты жууы керек апарып. Ол үшін су ағатын жерге не үйге апару керек дегендей. Соның бәрі қаншама уақыт қой. Басты кесу, жуу, тазалау, пакетке салу – бәрін ойластырған», – деді  заңгер Нұрлан Байғазин.

Айта кетейік, 47 жастағы марқұмның аты-жөні  Айбатулина Оксана. Тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған екен. 27 жастағы бір қызы бар. Оксананы бірнеше ай бойы танитын саудагерлер оның күйеуі де түрмеде отырғанын, өзі үйсіз, дала кезіп жүретінін айтады. Соңғы кездері саябақ ішіндегі мына ескі сахнаны паналапты.

«Бір сау жері жоқ. Сол жердегі күзетші баланың айтуынша, пышақтап тастаған»,– деді дүкен сатушысы Айжан.  

Оксана Айбатулина өлерінен шамамен 4 ай бұрын әлеуметтік бейімдеу орталығын паналаған. Ол жаққа әйелді масаң күйде Түрксіб аудандық патрульдік полициясы жеткізген. Бұл мекемеде 3 ай тұрып, қайта шығып кетіпті.

«Содан кейін бұл кісі СПИД-пен ауырған екен. Кейбіреулер біреуге ауруын жұқтырып, сол адам кек алуы мүмкін деп айтып отыр», – деді дүкен сатушысы Айжан

«Сотталып келген кісілердің көбінде ВИЧ ауруы болады. Енді ол кісінің ауруы бар екенін білеміз. Бірақ басқа да әйелдер, бас бостандығынан айырылғандар бар. Олардың бәрі ауру жұқтырған», – деді «Пана» әлеуметтік бейімдеу орталығының маманы Ырыскүл Құсайынқызы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама