×

Алматыда арнайы жасақ «альпинист» ұрыны ұстады

Ол 12-қабаттағы пәтерге ұрлыққа түскен

 Дәурен Ерболат 25.04.2023 | 15:52
Фото: polisia.kz

Алматыда полиция мен арнайы жасақ 34 жастағы «альпинист» ұрыны ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

34 жастағы түркістандық жігіт өнеркәсіптік альпинизм құралының көмегімен қаладағы пәтерлерді тонаған.

Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары Дидар Ахановтың айтуынша, күдікті Асқаров көшесіндегі 21 қабатты тұрғын үйдің 12-қабатындағы пәтерге ұрлыққа түскен.

Ол арқанмен шатырдан түсіп, терезені сындырып, тұрғын үйге кірген. Бейтаныс адам көршілердің күдігін тудырмаған. Олар оны терезе жуушы деп ойлаған. Күдікті пәтерден 3 млн теңге болатын мүлікті жымқырған. Оны криминалдық полиция, Әуезов аудандық полиция басқармасы және полицияның арнайы жасағы ұстады, – деді Дидар Аханов.

Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі «(Ұрлық») бойынша іс қозғалды. Заттай айғақ ретінде өндірістік альпинизмге арналған құрал-жабдықтар тәркіленді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама